Ойла, ойла – Бернияз Күлеев

Бұл бетте «Ойла, ойла» атты Бернияз Күлеев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3682
Ойла, ойла, ойға тойма,
Ойла, толған жас көңіл.
Жырла, ойла, ойла, жырла,
Жырмен жұбан, жан көңіл.
Ойла, жырла, жырла рахат,
Жырла, ойла, ойла бақ.
Оймен жыр тап, жырмен түр тап,
Жырла - дағы ойға қайт!
Жатсаң ойда, тұрсаң жырда,
Жанға жүрек емі бар,
Жаннан безген жырдан басқа,
Жас жүректің кімі бар?!
Ой - көңілдің еркетайы,
Жыр - жүректің бұлбұлы,
Ой - өмірдің күні, айы,
Жыр мен көктің жыр гүлі.
Жардан жеріп, бақтан безген,
Сен бейшара, жалғыз ғой,
Ойды - қырды қоймай кезген
Жарың, бағың болсын ой.
Жүйрік көңілім, ой ойлашы,
Өзге заттан безейін.
Ойдан қуат, жырдан қанат,
Жиып дүние кезейін.
Тағы... тағы ойлашы ой,
Мен де ойлайын, ерейін,
Жансыз, жарсыз мен сорлы ғой,
Жырлайын да өлейін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ойла, ойла өлеңінің авторы кім?

Бернияз Күлеев — осы өлеңнің авторы.

Ойла, ойла өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ойла, ойла өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бернияз Күлеев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ойла, ойла өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері