Құлқын

Бұл бетте «Құлқын» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1104
Адамдарды құртатын құлқыны екен,
Құлқыннан да құтылу мүмкін екен.
Құлқындардың түбіне жете-тұғын,
Қапияда кез болар бір күн екен.
Аздыруға жетелер көңілдегі,
Ең бір осал кемшілік өмірдегі.
Қанағатсыз, тойымсыз құлқын жайлар,
Мәңгі тоймас кейбіреудің кеңірдегі.
Кеңірдекпен жұтады қаланы да,
Кеңірдекпен жұтады даланы да.
Адамды да жұтады арандап бір,
Құлқынының ашылып араны да.
Араны бір ашылса басылар ма,
Әділдіктің алдына бас ұрар ма.
Адамның тоқтатуы мүмкін емес,
Нысап беріп тоқтатпаса басын Алла!
Қара жердің өзі де қара сыз боп,
Қалай жәрдем етеді ауасыз көк.
Жұта-жұта кеңірдек құлқынымен,
Асқазаны шалдығар дауасыз дерт.
Жанымды жұта-жұта жан қалмаған,
Жұтқаны – тау болса да таң қалмаған.
Адам болып туғасын, адам үшін,
Осыларды бір емдеу – арман маған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлқын өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Құлқын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құлқын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құлқын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері