Лондонның құшағына ендім мен – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Лондонның құшағына ендім мен» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 665
Бұл өмірде бұл құпия мен білген
Бұл өмірде бұл құпия сен білген,
Сенің аппақ құшағыңда жатқанда,
Лондонның құшағына ендім мен
Бұл бір түнді баяны мол бақ білген,
Жұлдыздардың арасынан ақтым мен
Сенің аппақ құшағыңда жатқанда
Лондонды құшаққа орап жаттым мен.
Махаббатты бір ерекше күн білген,
Сенің отты құшағыңда күйдім мен.
Сенің аппақ құшағыңда жатқанда
Лондонды аймалап сүйдім мен.
Махаббатқа жететұғын жол білді
Мен аңсаймын әлі күнге сол күнді.
Сені сүйіп жатқанымда өмірде
Содан бері сүйіп кеттім Лондонды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Лондонның құшағына ендім мен өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Лондонның құшағына ендім мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Лондонның құшағына ендім мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Лондонның құшағына ендім мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері