Ақын (А.С.Пушкиннен) – Бернияз Күлеев

Бұл бетте «Ақын (А.С.Пушкиннен)» атты Бернияз Күлеев жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2229
Әзірге әуре емес ақын анық,
Күні кеп қан құрбанның кезек салық.
Жазғанның азабы мен - ақ зарында,
Қыршын жас күн ілгері болған ғарық.
Ізгі жыр естілмейді саз бен әні,
Жан сезіп ызғарлы өмір, татқан дәмі.
Елеусіз жалғанның бар бендесінен,
Кім білер елеусіз деп оның жаны.
Бірақ та аспан көкті қаптап ауаз,
Естілсе ұғымына өзгеше саз.
Толғанар ақын жаны шын елжіреп,
Сескенген қара құстай болып сабаз.
Қол, әскер қазығынан дүниенің,
Жатсынып жұрт сөйлеген сөздің мінін.
Әуренің өңшең есер құдайына,
Маңызды басын иіп етпес тәжім.
Даурыққан жаһан толы қалың заңға.
Жабайы жабыққан құр қалыбыңда.
Жол тартар көк толқын мен орман, тоғай,
Үздіксіз шуылдаған мәңгі «сынға».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын (А.С.Пушкиннен) өлеңінің авторы кім?

Бернияз Күлеев — осы өлеңнің авторы.

Ақын (А.С.Пушкиннен) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын (А.С.Пушкиннен) өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын (А.С.Пушкиннен) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері