Сәулет - өнер

Бұл бетте «Сәулет - өнер» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 2643
Ғасырды айтып,
Тастар сөйлеп тұрады,
Жұлдызды айтып,
Аспан сөйлеп тұрады
Күннің жанып сәулесі,
Түннің жанып шырағы.
Астасқандай шексіз-шетсіз аспанмен
Астасқандай асу биік асқармен
Испания шежіресі тас мүсін
Өз тарихын жазған мәңгі тастармен.
Тас мүсіндер тербейді,
Ішкі сырын ашып айта бермейді
Әрбір тасы – Испания жүрегі,
Әрбір тасы – Испанияң – «Мен» дейді.
Тәңір беріп, түскендей-ақ ой көктен,
Тасты қашап, зәулім сарай салумен,
Сәулетшілер әрбір тасты сөйлеткен.
Жайнап салып ұлтыңыздың шырағы
Өлең болып тұлпар өнер пырағы,
Бізде бірақ...
Алатаудың өзі сөйлеп тұрады.
Сәулет деген сол бір өнер келмейді,
Алыс сапар бастаса да Жол мейлі,
Бізде бірақ...
Даламыздың ақ құмдары сөйлейді.
Сәулетімен көкке қолы жетпес пе ед!
Бұл бір жолда таланттылар от кешпек,
Күн мен тасын сәулетшілер сөйлетсе
Тау биіктеп, Дала кеңіп кетпес пе ед?!...

9 маусым 2014 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәулет - өнер өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Сәулет - өнер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәулет - өнер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәулет - өнер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері