Болғаным үшін мен – Қазақ

Бұл бетте «Болғаным үшін мен – Қазақ» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1273
Өмірге мені жаратқан,
Айналдым осы Қазақтан!
Ұтылмаған бірақ та,
Құтылмаған азаптан!
Шуағын шашқан күн ғажап,
Жер үсті тұнған гүл ғажап,
Жаралған жерде ең алғаш,
Болған шығар бір қазақ.
Ана сүтін бәрі емген,
Перзент тарап бар елдан,
Сол қазақ менің тегімді,
Тең еткен күллі әлеммен.
Өмірде қымбат болды азап,
Өмірде жұмбақ мол ғажап,
Жаралған жерге бірінші,
Таратқан бізді сол қазақ!
Өткені өтті талайдың,
Бұрылып мен де қараймын,
Сол қазақтан Тоғысып,
Сол қазақтан тараймын.
Тоғысқан талай жолдары,
Маңдайға бақыт қонғаны,
Мен үшін бәрі туысым,
Қазақпын десе болғаны,
Сыздаған жүректен жауырын,
Бұлттардың көрдім ауырын,
Қазақтың бәрі қазақ қой,
Тұтастай бәрі бауырым,
Бауырым, ұлтым жақұтым,
Жаратқан мені, Уақытым.
Болғаным үшін мен – Қазақ,
Бақыттымын! Бақытым!

13 Маусым 2014 жыл
Террагонна қаласы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болғаным үшін мен – Қазақ өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Болғаным үшін мен – Қазақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болғаным үшін мен – Қазақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болғаным үшін мен – Қазақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері