Аппақ қырлар аспан берген несібе – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Аппақ қырлар аспан берген несібе» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.04.2022
  • 0
  • 0
  • 733
Аппақ қырлар аспан берген несібе,
Мезгілінен жауса дағы кешіге.
Жауды дейсін шежіредей шешіле,
Қыс айының ілескендей көшіне.
Дүниенің жақсысы бар, жаманы,
Көкжал-қасқыр қиялымен қабады.
Аппақ қардың астындағы жемдерді,
Тұлпар атты тұяғымен табады.
Жер үстінің жемі қайда кетті деп,
Қатқан қырды жылқылар жүр тепкілеп.
Олай-бұлай көкжалдар жүр шапқылап,
Өңменімнен ызғар аяз өтті деп.
Осы бір шақ күн шуағы шашылды,
Қасқыр-көкжал желіктері басылды.
Алдарынан азық құрғыр табылмай,
Сонда дағы дүниеге ашынды..
Ал, тұлпарлар қасырларға іңкәр ма,
Жүйрік тұяқ жерді тырпып шырқар ма?
Үйір-үйір жылқылар жүр жайылып,
Қасқырлардың ойы бірақ тұлпарда.
Алдан шығып туа берсін күнің-ай,
Бір-бірінсіз тұра алмастай бірің-ай.
Қапияда бірін-бірін аңдытып,
Бір-біріне іңкәр қылған дүние-ай.

20 наурыз 2014 жыл
Алматы-Астана сапары
«Бәйтерек» поезды


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аппақ қырлар аспан берген несібе өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Аппақ қырлар аспан берген несібе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аппақ қырлар аспан берген несібе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аппақ қырлар аспан берген несібе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері