Айшабибіге!

Бұл бетте «Айшабибіге!» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1057
Айша бибім –
Туған күні – бұл күні,
Сенде менің жүрегімнің бүлкілі.
Соны сезді, Айшам күйді тартқанда,
Жүрегім мен жан кеудемді сілкіді.
Айша бибім, туған күні – бұл күні.
Айшабибім туған күні толқыдым,
Айшабибім туған күні шалқыдым.
Айшабибім күйлері бар аққудай,
Күйлеріне бірге құстай қалқыдым.
Күйлеріне бірге еріп балқыдым,
Айшабибі туған күні – бақытым,
Бәрі осындай болса деймін әр күнім.
Айшабибім әрі күйші, сазгерім,
Күй дегенде асын қояр назды елім.
Ұшырады, қондырады күйімен,
Аққуларды жүздіргендей жаз көлін.
Айшабибім әрі ақын, әрі нші,
Айшабибім әрі күйші, сазгерім.
Немереде – бар бақытым білемін,
Немерелер – тірліктегі тірегім,
Немерелер – менің екі жанарым,
Немерелер – менің ыстық жүрегім.
Айшабибім өмір жасың ұзақ боп,
Бақытты бол бұл өмірде тілегім!..

26-27-28 қаңтар 2011 жыл
Алматы – Астана – Алматы сапары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айшабибіге! өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Айшабибіге! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айшабибіге! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айшабибіге! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері