Жырла да зарла, көңілім – Бернияз Күлеев

Бұл бетте «Жырла да зарла, көңілім» атты Бернияз Күлеев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3719
Жырла да зарла, көңілім,
Сел болып жасың төгілсін.
Есіткен ойдан баз кешіп,
Қамығып шындап егілсін.
Жер, аспан бірден қозғалып,
Таулар мен тастар жібісін.
Ойлаған ойлар толғанып,
Мұздаған жүрек жылысын.
Ағаш, шөп біткен бір өңкей,
Зарланып тегіс тыңдасын.
Дертіңе дауа дегендей,
Бас иіп бәрі ымдасын.
Естіп орман, тоғайлар,
Бәйтерек салсын құлағын.
Қамысты көлде қурайлар,
Алдына төксін құрағын.
Жан, жәндік, айуан түсініп,
Көз жасын іштен бұласын.
Күйісін танып, түйсініп,
Ыңыранып қана сұласын.
Жырла да, зарла көңілім,
Қалың қайғың қайнасын.
Қиялдың құсы егіліп,
Іштегі дертті айдасын.
Құр құрттың қозғап көңілім,
Қайғылы дертті байласын.
Қаз, бұлбұл, аққу қосып үн,
Сарғалдақ бірге сайрасын.
Қырларда құлан, көкте құс,
Арқар мен киік мұңдасын.
Арыстан, аю, жолбарыс
Ыңыранып көңілі бұлғансын.
Дариялар, көлдер, өзендер,
Сайларда сырлап аққан су,
Ағысын танып көгілдер,
Аспанға ассын болып бу.
Ақ зарың тегіс аралап,
Аспан мен жердің арасын.
Орныққан ойды жаралып,
Көңілді қозғап қарасын.
Жырла да, зарла, көңілім,
Иеңнің тасын еркесін.
Еріксіз оны ойлатып,
Өзегін үзіп өртесін.
Жаңылтып өзге тілегін,
Қайрымсыз көңілің жібітсін.
Суық ой, салқын жүрегін
Иітіп, жанын жылытсын.
Махаббат аты құлпырып,
Жас жүрегін күйдірсін.
Өзгермес ой, шын қалып,
Сәулеме мені сүйдірсін.
Жатса да, тұрса жүрсе де,
Тек жалғыз мені ойласын.
Қайғырып, жылап, күлсе де,
Еркіні зарым қоймасын.
Жырла да зарла, көңілім,
Сел болып жасың төгілсін.
Есіткен ойдан бар кешіп,
Қамығып шындап егілсін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жырла да зарла, көңілім өлеңінің авторы кім?

Бернияз Күлеев — осы өлеңнің авторы.

Жырла да зарла, көңілім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жырла да зарла, көңілім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бернияз Күлеев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жырла да зарла, көңілім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері