Жаңбырдан соңғы кеш – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Жаңбырдан соңғы кеш» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 786
Қараймын мен терезеге:
Кешкі шапақ сөніп жатыр,
Шатыр менен кенереге
Соңғы нұрын төгіп жатыр.
Соңғы сәуле мұржаларда,
Крестерде тоқтай қалып,
Шағылысып мұң - жанарда,
Жарқылдайды оттай жанып.
От жиекті бұлт көшеді,
Айдаһардай көзді тартып,
Бақты аралап жел еседі
Дымқыл шөпті толқындатып.
Шөп ішінен бір гүл көрдім
Қауырсындай солқылдаған,
Жапырағында тамшы дүрдің
Дәл өзіндей жалтылдаған.
Бойжеткен де бір сорлы гүл,
Көңілі семіп, күні өткендей,
Көзінен жас тамса да бір
Өз мұңына өзі елткендей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңбырдан соңғы кеш өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Жаңбырдан соңғы кеш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңбырдан соңғы кеш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңбырдан соңғы кеш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері