Алтын адам – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Алтын адам» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 3
  • 5459
Бар киімі, қаруы, алтындалған ыдысы,
Тауып алды сүйекті, жер қазғанда бір кісі.
Пақыр емес әрине, Патша ма, әлде кім білсін
Заманында билеген, ұлылырдың ұлысы.
Тарихты құпия, басып тұрып табанға,
Көз сүземіз, жоқ іздеп, ит арқасы қиянға.
Алтын киім сүлде тұр, жұмбақ ғасыр-адамы
Антрополог- жазушы, кірді ғажап қиялға.
Ханзада ма,
Патша ма,
Батыр ма елін қорғаған,
Кім болса да өмірде, алтын тәжге алданған.
Алтын киім-бағасын, білдіріп тұр өмірін,
Білдіріп тұр ортасын, ғасыр өтсін-мындаған.
Қазған шақта мәйітті, ұрлапты алтын дорбасын...
Аман алтын киімі, Сақтың көрдік таңбасын.
Жерленген-Ол, дәстүрмен, тірліктегі сәнімен,
Алтын буы сақтаған, сары сүйек қаңқасын!
Сары сүйек алтыннан, артық еді білгенге,
Сұрқай заман кәрі ме, үндемеді бір пенде
Даңқ керек Тіріге, Өлгендерге маза жоқ,
Шашып жүрміз сүйегін, қазып алып бүгін де...
...Рухы мен киесі, атар бір күн-түбінде!


Пікірлер (3)

Диана

Өте жақсы екен

Айару Айдынбек

Б.Ысқақтың Алтын адам өлеңі керемеет екн
Маған аса керек болды

Айару

ӨТЕ КЕРЕМЕТ

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтын адам өлеңінің авторы кім?

Бақыткерей Ысқақ — осы өлеңнің авторы.

Алтын адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтын адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақыткерей Ысқақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтын адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері