Бұл бетте «Жағалауда» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таудан аққан бұлақтар, Күмбір-күмбір күй ақтар. Жағалауда билесін Құлын құйрық құрақтар.
Тербелген теңіз өрінде, Толқынға төсін сүйдіріп, Жарқылдап ұшар көгінде Күмістей қанат су іліп.
Аққудай ауыл тізіліп, Қонғанда жасыл жайлауға, Көмейден үні үзіліп, Шығады құстар сайрауға.
Жалғыз тілім шәк-шәкті Жеп отырған тәп-тәтті, Ермек бір кез жылады, Анасы жөн сұрады:
Бөкпен толы саптыаяқ Босаған-ау, шамасы. Көрсетіп тұр айтпай-ақ Жеңі менен жағасы.
Ақ теректер шайынып, Мөлдір тамшы таққанда, Бұлт түндігін қайырып, Ашылды күн аспанда.
Хабарлама
INFO
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі