Күзгі күн көзі – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Күзгі күн көзі» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 986
Жел тербеген ағаштарға,
Дымқыл, бусаң қара жерге
Бұлт пен тұман арасынан
Бозғылт, жансыз нұрын шашқан
Күздің күнін жақсы көрем.
Жақсы көрем, себебі, оның
Батардағы жанарында
Тұрлауы жоқ махаббаттың
Тылсым нұрын еске салар
Бір пәле бар; рас, ол күн
Оншама тым салқын да емес,
Бірақ мынау табиғатқа,
Сезгіш, көргіш тіршілікке
Одан жылу тарамайды.
Жүрек те сол: сөнбейді оты,
Бірақ та жұрт ұқпағасын,
Көзде қайта жанбас ол от,
Жалын болып шықпас бетке.
Қайтсін жүрек екі мәрте
Елге мазақ, күмән болып?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күзгі күн көзі өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Күзгі күн көзі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күзгі күн көзі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күзгі күн көзі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері