Досым В. Ш-ға – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Досым В. Ш-ға» атты Михаил Лермонтов жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 852
"Жақсы күнге дейін аман болалық!"
Деген едің қоштасарда қол алып.
Алданыппын, күпті боппын мен бекер,
Ондай күндер келмейді, дос, ол анық.
Асыл досым! амал қанша көнбеске,
Айналдым мен болашаққа сенбеске.
Болғаны рас қуанышты күндердің,
Бірақ олар кеткен қайтып келмеске.
Өткен өмір пайдасы жоқ сан сұрақ.
Арттағыға алаңдама сансырап.
Сияқты ол жағалауға шақырған
Түпсіз тажал теңіздегі шамшырақ.
Білемін мен, білемін мен о жағын,
Ескекші жан женіп теңіз тажалын,
Көрер болар жақын тұрған жаға мен
Жағадан да жақын қалған ажалын.
Жетеді енді! Құр қиялды қоялық!
Болды көңіл қызыл қанға боянып;
Ғажап түсін жаңа көре бергенде
Кетеді, әттең, сорлы жүрек оянып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Досым В. Ш-ға өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Досым В. Ш-ға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Досым В. Ш-ға өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Досым В. Ш-ға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері