Өлең, жыр, ақындар

Паткульден

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 635
Жаулар босқа у жұтады ызадан,
бізге сыншы тәңірі мен халық бар.
Отан үшін күрестік қой біз әман
Күрес құнын - ажалымыз анықтар.
Мейлі өлейін... өлім бұлдыр түс білем,
бұғауды ұқпан, ажалыңнан саспан да.
Шыбын жанын темір шатыр үстінен
түтін болып көтерілер аспанға.
* * *
Сыйла деп пейіш пенен періштені,
Әзелде жаратқан жоқ тәңір мені,
Не үшін жапа шегіп жүрмін тірі? –
Аллаға аян - бәрі қанық еді.
Демондай серісімін кесепаттың
Демондай тәкаппармын, мен асқақпын,
Адамзат арасында жел кезбемін,
Жалғанға, аспанға да мәңгі жатпын.
Соны біл, оқы өзім, жазған сырды,
Салыстыр тағдырыммен тағдырыңды,
Илан сен, мүсіркеме, бұл жалғанда,
Екеуміз ұқсас жанбыз жат өмірлі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үш құрма

  • 0
  • 0

Арабтың құмдарында жатқан күйіп
Өсіпті үш құрма ағаш зәулім биік,
Құнарсыз түбіндегі топырақтан
Мөп-мөлдір тұма шығып толқи аққан.

Толық

Қара көз

  • 0
  • 0

Көп қой жазғы түн жұлдызы,
Сенде неге екеу-ақ.
Оңтүстіктің қара көзі,
Кездестік-ау бекер-ақ.

Толық

1831-дің қаңтары

  • 0
  • 0

Боз тұман сиреп ашылды,
Ажалдың түні тарады.
Ерлері ерте ғасырдың
Тіріліп маған қарады.

Толық