Қара көз – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Қара көз» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 757
Көп қой жазғы түн жұлдызы,
Сенде неге екеу-ақ.
Оңтүстіктің қара көзі,
Кездестік-ау бекер-ақ.
Сұрай қалсаң, түн жұлдызын,
Пейіш бағын айтқандай.
Жүрек сенен, қара көзім,
Тамұқ, жұмақ тапқандай.
Оңтүстіктің қара көзі,
Махаббатты көрдім шын.
Күн жұлдызы, түн жұлдызы
Бір өзіңсің мен үшін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері