Өлең, жыр, ақындар

Ізетшілік

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 936
Ең асыл не? – Ол деген iзетшiлiк!
Бар жаһанға жүретiн тiлек тiлеп –
Ол асыл жан! Табиғат берген оған
Жақсылыққа жаралған жүрек – тiлек.
Сүрiнгенде көргенде тұра қалар,
Жанға жайлы, сезiмтал ғұлама бар.
Қолдан келмей, дәрменi жетпей жатса,
Өкiнiштен опынып жылап алар.
Сәл ауысса, пенде ғой, түзеп шығып,
Iстейтiнi қайырым, iзетшiлiк.
Сондай жанды әлемге жария ғып,
Қойса, шiркiн, өмiрге күзетшi ғып!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ізетшілік өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Ізетшілік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ізетшілік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ізетшілік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері