Қараөткелде, Ақмола – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Қараөткелде, Ақмола» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2887
Қараөткелде, Ақмола,
Тұрған Бабам - жалауы.
Целинаград - бұл қала
Астананың - атауы!
Өткенменен, кеткеннің,
Өнегесі - өрісті.
Бұл қалаға жеткеннің
Жүрген жолы жемісті.
Арғын жайлап - аспандай,
Қыпшақ жаққан - жұлдызын!
Керей, Уақ - ақ маңдай
Найман жапқан - құндызын!..
Құт мекені - Қазақтың,
Жер ұйығы аталған.
Туын тігіп - азаттық
Бар Әлемнен - бата алған!
Арғы бетпен, бер жақты,
Жалғастырған - Көпірлер!
Салмақты ісі - жан- жақты
Астанама -
Өмір бер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қараөткелде, Ақмола өлеңінің авторы кім?

Бақыткерей Ысқақ — осы өлеңнің авторы.

Қараөткелде, Ақмола өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қараөткелде, Ақмола өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақыткерей Ысқақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қараөткелде, Ақмола өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері