Қазақтың бесік жыры – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Қазақтың бесік жыры» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 960
Ұйықта, ақ бөпем, бөбегім,
Әлди, әлди, әлди-ай.
Бесігіңде өбемін
Деп тұр, көктен жарық ай,
Берейінші ән салып,
Ертек айтып, налымай;
Ұйықтай қойшы, дем алып.
Әлди, әлди, әлди-ай.
Толқыны тасты сауырлап,
Лепіріп Терек ағады;
Жағада жер бауырлап,
Қанжарын шешең жанады; -
Әкең тарлан жауынгер
Майданды кешкен жасқанбай
Қам жемей қалқам жата бер,
Әлди, әлди, әлди-ай.
Шығарсың ертең тіленіп,
Қырғын ұрыс - болар сын;
Үзеңгіңді шіреніп,
Қолыңа мылтық аларсың.
Жібектен тоңым салдырам,
Дүниені сенен аямай...
Ұйықта, бөпем - балдырған...
Әлди, әлди, әлди-ай.
Қазақ жанды айбарлым,
Батыр боп сен де өтерсің,
Ұзатып сені салармын –
Қол бұлғап, қош деп, кетерсің.
Сол түнде өксіп тұншығып,
Төгермін жасты мен талай!..
Ұйықтай ғой, сәулем, тыншығып,
Әлди, әлди, әлди-ай.
Қасірет жұтып, тарығып,
Жұбанбай күтіп жатармын;
Дұға қып, күндіз жалынып,
Түн бойы бал ашармын;
Зарығып жүрсең жат жақта,
Шыдармын ба қайғырмай...
Ұйықтап ал мұршаң бар шақта
Әлди, әлди, әлди-ай.
Берем тәңір суретін,
Сапар шексең сен егер;
Көр де күнде нұр бетін,
Мінажат қыл - дем берер.
Шықпасын шешең сірә естен,
Ұрысқа тартсаң тайсалмай...
Ұйықта жаным нәрестем,
Әлди, әлди, әлди-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақтың бесік жыры өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Қазақтың бесік жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақтың бесік жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақтың бесік жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері