Өлең, жыр, ақындар

Ертеңім бұлдыр көлеңке

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 964
Ертеңім бұлдыр көлеңке,
Өткенім түгел - мұң-зарым.
Өмірге келіп неге ерте,
Немесе кештеу тумадым,
Талайыма бұл жаздың не,
Қысқа ғұмыр аз күнде,
Сенімімді тәрк етіп?
Сыбағам мені мас қылып,
Ұсынып еді жақсылық:
Жаңасың деп жарқ етіп.
Айтқанға сеніп бұл сорлың.
Арманға белден көмілді,
Болашағымды өлшедім,
Ақ тұлпар етіп көңілді.
Арамдық, пәктік алысып,
Пәктігім менің тұншықты.
Жүрегімді жас жаншып,
Жанымнан ащы үн шықты –
Әкетті дауыл жұлып ап,
Адалдық деген бүршікті.
Басымды сонда қалқалап,
Жүректі бөгде пана еттім:
Басқаның сөзін малталап,
Басқаның ісін нәр еттім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Орыс әні

  • 0
  • 0

Жапалақ-жапалақ қар жауды,
Келіншек қалайша дағдарды
селт етпеді
су төкпеді.

Толық

Мөп-мөлдір жанарың жанады

  • 0
  • 0

Мөп-мөлдір жанарың жанады
Аспандай көгілдір
Сүйістей баурап бір барады
Әніңді төгілдір.

Толық

Рембрандт картинасына

  • 0
  • 0

Түсіндің сен,
О жабырқау данышпан,
Ұйқылы-ояу сол бір өмір зар-мұңын,
Іңкәрлікті

Толық