Ықылас

Бұл бетте «Ықылас» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1114
Құмар дейді қазақ деген бір халық —
Жіберуге бар қонағын ырза ғып.
Ішпей-жемей үнемдейді, ал сосын
Шашады екен — туа біткен мырзалық!
Берген мырза, алған ырза әрқашан,
Ат мінбесе тойдан киер жыр шапан.
"Бір тойым бар" дейді екен бабалар,
Жиған-терген, бәрін, сонда бір шашам.
Той құмарға немене екен керегі?
Толғандырар тартып ойдың тереңі
Әрі өздері — тойған түске, ықылас
Досқа мейір — естен кетпес деп еді.
Қазір нешік, ағайындар, бұ шағың?
Түгел ме осы — ата-баба нышаның?
Мырзалыққа есеп емес шашпалық,
Еш талғамсыз жайылмай ма құшағың?
Неге, неге талғамсыздау бұ құшақ?
Неге, неге аталардан біз ұсақ?
Келешегің не болады қарындас,
Ұрпағымыз кемтар болса бізге ұқсап?
Ысырапсыз жайылғай да бұ құшақ
Ысырыпсыз асылғай да бүкіл ас.
Қайғырмаймын кемиді-ау деп дәулетім,
Қайғырамын кеми ме деп... Ықылас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ықылас өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Ықылас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ықылас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ықылас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері