Ақындар — бір халық

Бұл бетте «Ақындар — бір халық» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 981
Бір ақын жүр ұлымын деп иланып,
"Жұлдыз" аты жетпей біреу жүр налып.
Барлық ақын бір ниетті, бір тілді,
Аз да емес, көп те емес — бір халық!
Ақын азса елдің де сол жобасы,
Ақын аш па ел қайыршы, жоқ асы.
Қаңғып кетсе ақындары "ел ақтап"
Таба алмассың сол халықтың моласын.
Елім деп тек ақын жүрек толғайды,
Ақындарға өкпелеуге болмайды.
Тентек ақын, бақсыз ақын, сорлы ақын
Көптеу болса — елің сондай, сол қайғы.
Ақын жаны — ел рухы, мерейі,
Ақын ойы — даналығы, тереңі.
Ақын деген адам емес — көрсеткіш,
Парасаты, сол елдің дәл дерегі.
Бір ақын жүр ұлымын деп иланып,
"Жұлдыз" аты жетпей біреу жүр налып.
Барлық ақын бір ниетті, бір тілді,
Аз да емес, көп те емес — бір халық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақындар — бір халық өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Ақындар — бір халық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақындар — бір халық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақындар — бір халық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері