Гитарыңды ойнашы

Бұл бетте «Гитарыңды ойнашы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3035
Гитарыңның шектерінен
Ғажайыпты үн келер.
Жастық шақтың көктемінен
Жазғы тасқын жыр келер.
Гитарыңның шектерінен
Сиқырлы үндер сыңғырлар.
Көзін қадап, өткен күннен,
Күлімдер бір сүйген жар.
Гитарыңның шектерінде,
Жатыр алыс өткен күн.
Көңіліме ұялаған
Көлеңкесі кептердің.
Туған елге келдік міне,
Бізбен бірге тойлашы.
Қонды әнің көкірегіме,
Гитарыңды ойнашы!
1945
* * *
Жорықтан қайтқан жас жігіт
Қақты ақырын қақпаны.
Сұрап еді келіншек,
Кім екенін айтпады.
Жиі соқты жүрегі,
Әлденеге лүпілдеп.
Әлі сырттан жауап жоқ,
Сұрап еді бұл кім деп.
Жалындады махаббат,
Жаршы болды жас жүрек.
Қақпа ашылып, айқасты
Ай астында қос білек.
1945


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гитарыңды ойнашы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Гитарыңды ойнашы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гитарыңды ойнашы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гитарыңды ойнашы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері