Топ ішінде – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Топ ішінде» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2375
Топ ішінде,
Біреу жүр, бой жасырып,
Мақсатын,
Мансап қуған-ойға асырып.
Астарлап,
Жазғыш отыр, ой жасырып
Қиянпұрыс қиялы аласұрып.
Бір надан,
Бір наданға- күліп отыр,
Бір залым,
Бір залымның күлін шоқыр.
Бір пысық,
Мысығының жүнін тоқыр
Бұл заманда-
Таз болмас, тегін соқыр!..
Япыр-ай!
Не деп кеттім,
Нені көрдім?!
Ұмыттым,
Данышпандық, тегін-Ердің!
Сөйлей алмай,
Жабысты еріндерім,
Қайда сүйреп барады-
Өмірлерің?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Топ ішінде өлеңінің авторы кім?

Бақыткерей Ысқақ — осы өлеңнің авторы.

Топ ішінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Топ ішінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақыткерей Ысқақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Топ ішінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері