Абай жылына ода – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Абай жылына ода» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 758
Өтіп бара жатыр бүгін бір жылым
"Шабыт жүген намыс мінген" жыр-жылым!
Байтақ Отан, шексіз Әлем — Сенің де,
"Абай" деген саңқ-саңқ етіп тұрды үнің!
Абай ойын, улылығын сыйғызып,
Шексіз көкке білек созған, бұл қызық!
Орындалған сол күн барлық мақсатым,
Арман үйін, Абай жайын тұрғызып!
Ең шабытты, ең бақытты бұл жылым!
Асау арман ұстап мінген дүлдүлін!
Бір немерем бірге толып, біреуі,
Есік ашқан бұл өмірге — гүл жылым!
Жиған жылым мақтау, атақ, түз гүлін,
Деген жылы туған елім — бізді "Ұлым!"
Алда үміт, бірақ сонша шаттықты,
Сыйлай алмас енді тіпті жүз жылың!
Өтіп бара жатыр бүгін бір жылым!

31.12.1995 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абай жылына ода өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Абай жылына ода өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абай жылына ода өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абай жылына ода өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері