Өлең, жыр, ақындар

Адай күйі

  • 07.06.2022
  • 0
  • 1
  • 16597
Күй абыз боп күңіренсе
Мынау қазақ тірегі дер.
Күй аңыз боп тебіренсе
Мынау қазақ жүрегі дер.
Өнер — Халық, өнер — Отан,
Осы ғана тілегі ер.
Құрманғазы сол бір шақта
Сазбен үйге күле кірер.
"Адай" күйі атой салса
Әлем толқып жүре берер.
"Адай" күйі атой салса
Бекет, Бекет!.. Ұрандай боп!
Заңғар көктен сорғалаған
Көк дауылпаз қырандай боп!
Сол кез саған туған өлке
Шексіз байтақ Тұрандай боп!
Алтайтауда, Алатауда, Ұлытауда,
Қаратауда, Шыңғыстауда, Маңғыстауда —
Жүректерде ұрандайды от!
Жатталады Құрандай боп!
Қазмойындар омыраулап
Қара жерді жеміргендей!
Ұран сарын жау жігерін
Қарпып, шайнап, кеміргендей
Қасиет бар бұ сарында
Оймен шолы тегін келмей.
Жете алмайсың жанды қинап,
Қабырғанды сөгілдірмей.
Тебіреніп бір байқашы,
Ей тыңдаушым, өзің мендей.
Жігеріңе жігер жамап
Желеп-жебеп, енедей боп,
Төбе шашың тік тұрады
Білек жүнің жебедей боп,
Адаймын деп айбаттана
Жалғыз өзің төбедей боп,
Топан судан аман қалған.
Ақ желкенді кемедей боп,
Ал сонан соң ес жинарсың
Аурып тұрған немедей боп.
Ес жинасаң сесі қалар
Күй шақырған ұран оттың.
Емі де сол енжар жігіт
Бойға сіңген туа дерттің.
Қасиетті Құрманғазы
Асыл сазды мұрам еттің.
Осы күймен ұлдарыңды
Кірпік қақпас қыран еттің.
Бұрқан-талқан, буырқанған
Бастауы екен өзі ненің!
Жігерсізге жіті қарар
Бабалардың көзі ме едің!
Ұл-қызыңның намысына
Қамшы салар кезі ме едің.
Тамыры от, өзегі шоқ
Қандай ғажап сезім едің.
Таң атқанда, күн батқанда,
Шам жаққанда, ел жатқанда,
Жер жәннаты Жетісуда,
Ен далада Сарарқада,
Жеті сазға кезігемін,
Жеті сазбен езілемін.
Адай ата рухындай
Адай күйін сезінемін!
Адай ата рухындай
Адай күйін сезінемін!

Ақтау. 20.02.2005 жыл.



Пікірлер (1)

Еламан

Адай күйінің ырғағымен айтып отырмынғой!

Пікір қалдырыңыз

Қимас арман

  • 0
  • 0

Ойлар туар бiрiн-бiрi жоқтасып,
Кейде қаңғып, кейде тура деп басып.
Отырамын кейбiреуiн шеттетiп,
Ал бiрiне өз ұлымдай жақтасып.

Толық

Қарындастың көз жасы

  • 0
  • 0

Қарындасым!
Деппін оған, қамқоршыдай болып бір,
Қара көзің жасқа неге толып тұр?
Айтшы маған, өкпелеткен кім сені,

Толық

Қара дауыл

  • 0
  • 0

Жеткенде қара дауыл азынаған
Шошыды үрейлі күй сазына жан.
Суық жел - мың найзалы, бет күйдірер,
Тәңірге болды қандай жазығы адам?

Толық

Қарап көріңіз