Көкiрекке сыймай бұрқап толғанды – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Көкiрекке сыймай бұрқап толғанды» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 816
Көкiрекке сыймай бұрқап толғанды
образ, ой боп табысып —
ақтарып бәрiн сөйлеген
өзеннiң, көлдiң, орманның
ақкөңiл, адал дауысы!
Түскенде сол үн өлеңге
қалмасын десең түк ұқпай
артық сөз, артық бояусыз
сөйлеуiң керек тереңнен
өзен боп,
жел боп,
орман боп,—
тұншықпай, бүкпей, тұтықпай!
Кеудеде кетер күй тасып
қайырып дауысын ұзақтан,—
өлеңнiң әрбiр ұйқасы
өлеңнiң жолын ғана емес
өмiрдi жатса құшақтап.
Шығатын оқып құмардан
айтуым үшiн бiр сөздi —
мысқалдап, миллиграмдап
дәлдiктi iздеп өлшеген
аптекарьдiң
безбенiндей теңселем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкiрекке сыймай бұрқап толғанды өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Көкiрекке сыймай бұрқап толғанды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкiрекке сыймай бұрқап толғанды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкiрекке сыймай бұрқап толғанды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері