Соғады – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Соғады» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 1801
Соғады,
Көз ілмейді-өмір желі,
Тау, тас та,
Мүжіледі темір тегі.
Құлайды, Бәйтерек те бір теңселіп
Тек Мәңгілік
Жер, Аспан, Теңіздері!
Тірліктің шуақ көзі, көктен түсер,
Адам да жапырақтай көктеп өнер.
Ағады жұлдыздар да түнгі аспанда
Ғұмырын қас-қағым сәт өткенде көр.
Үзілер, үсік шалса піспей жеміс,
Өледі көктей солып,
Өспей тегіс.
Күн-түні, өмір желі тоқтамайды,
Асқақтар,
Ақ, қарасын, шешпей-Жеңіс!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соғады өлеңінің авторы кім?

Бақыткерей Ысқақ — осы өлеңнің авторы.

Соғады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соғады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақыткерей Ысқақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соғады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері