Бұл бетте «Тотықұс» атты Бауыржан Халиолла жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
01.12.2015
0
0
3078
Күлімдейсің, таранасың тотықұс,
Күйің тәуір, үйің жылы осы қыс.
Міндетімді ұмытыппын күнделкі,
Маған қарап жәутеңдейді бос ыдыс.
Әкел бері, жем салайын қос уыс,
Ішің кебер, қара суды қосып іш.
Өзіңде не жаңалық бар деймісің,
Айтарлықтай бастамадым тосын іс.
Жалғаншыға жіпсіз ғана байланып,
Сол баяғы мағынасыз отырыс.
Адам құсап алшаң-алшаң жер басып,
Өмір сүре алмайтыным - өкініш.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі