Зират үстіндегі жаңбыр – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Зират үстіндегі жаңбыр» атты Темірхан Медетбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 659
Аспан да бұлтын қуып бiр
осынау тұсқа жинапты.
Ақ нөсер төпеп құйып тұр
үстiне мұңлы зираттың.
Сел етiп көк-жер арасын,
аламын дей ме сауабын –
жуады нөсер моласын
әкелер менен ананың.
Қаталап ернi кезерген,
әманда ойлы пiшiнде,
шомылып тұрды нөсерге
мәрмәр, қола мүсiндер.
Iздерi қалған iсiнде,
жаққан сан жүрек оттарын,
шомылып тұрды мүсiндер
ардагер азаматтарым.
Найзағайлары жалтылдап,
Нөсерге көбiк сапырған
шомылып тұрды марқұмдар –
әншiлер, доктор, ақындар...
Сағағын бiр гүл қозғап тұр
көзiне күннiң асық боп –
моласы-ау жап-жас боздақтың
үлгермей кеткен ғашық боп.
Ғаламат сиқыр дастандай
төкшi сен, төкшi, төк, жаңбыр, –
әнiңдi айтып тастарға,
дененi сiлкiп толғандыр.
Қалсыншы олар қауышып
бiр сәтке еске ап даласын,
есiтсiн нөсер дауысын
сiмiрсiн көктем ауасын...
Нөсерiм бiттi тынды деп
ашылды кенет аспаным.
...Айнала үнсiз,
тұрды тек
жапырақтардан жас тамып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зират үстіндегі жаңбыр өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Зират үстіндегі жаңбыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зират үстіндегі жаңбыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Зират үстіндегі жаңбыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері