Қысқы ауа райының мәліметі – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қысқы ауа райының мәліметі» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 531
Телевизор. Отанымнын, картасы
Бәре де бар —
Москва мен Алматы,
Балтығым мен Балқашым...
Жатыр басып жазықты
нарлар құсап бүк түсiп
тауларымның жондары.
Тынысы боп кең даланың кезерген
иректелiп, бүктелiп
жатыр ұлы өзендер
кесiп өтiп адыр, белең, аймақты —
емендердiң тамырындай ұп-ұзын
емендердiң тамырындай қайратты.
Басып кiрер ұлы елiмнiң алқабын
ертеңгi күн суығына алаңдап, —
синоптик тұр қарсы алдында картаның
ауа райын хабарлап.
Цифр толы картамның
бетi боп-боз ақ тандыр...
Боран келе жатқандай
Тынық мұхит жақтан бiр —
Қара сызық бойымен
сыналып кеп сұғынған
тiреледi ол Каспийге
көктей өтiп Қырымнан,
Мұзды мұхит жақтан да
суық түсер қалшылдап, –
Орал менен Сiбiрге
қара сызық жебелер
қадалып тұр шаншудай.
Сес көрсетер январь
апрель мен марттарға!
Дәл бұл кезде қарбалас
аэропорттар мен порттарда.
Төтеп берген талайға
төтеп бер деп айтамыз.
Беру керек қалайда
боран менен дауылдың
шабуылына тойтарыс!
Келсiн боран, дауыл да
қарсы тұру оларға
бiздер үшiн ауыр ма!
Келсiн олар анталап
тайсақтамас жүздерiм....
Түспесiн тек картаға
шабуыл мен жорықтың
алқызыл қан iздерi!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қысқы ауа райының мәліметі өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қысқы ауа райының мәліметі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қысқы ауа райының мәліметі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қысқы ауа райының мәліметі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері