Сен барда

Бұл бетте «Сен барда» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 959
Сыңсытып көңілімнің бар сырнайын,
сен барда
дүниені тарсынбайын,
болмасын жақсылыққа өмір ділгір,
көктемде көгілдір бүр жарсын қайың.
Сен барда —
аңсап айтар әнім дайын,
өртеніп,
өзім де кеп тарылмайын.
Үзілмей келе жатқан жеті атадан
басында бақ-дәулеті бар ұлдайын.
жүрейін жұрт ішінде шалқып,
күліп,
өзгеден өмір құнын артық біліп,
сыбырлап,
саған ғана сыр айтайын,
кей-кейде
құшағыңда балқып тұрып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен барда өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Сен барда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен барда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен барда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері