Жан әкем – Гульнази Назарова

Бұл бетте «Жан әкем» атты Гульнази Назарова жазған әке туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Әкешім асқар тауым,
Өзің ғой бақ-Отаным.
Қамқоршым асыл әкем,
Жан әкем өзіңмен мақтанамын.

Адалдық ұраның,
Тәрбие бұлағың.
Арқаң ғой әкешім бір сенің ,
Өткені керемет балалық шағымның.

Мың алғыс тағдырға,
Өзіңдей әкем болғанға.
Ақ көңіл, өр тұлға,
Жамандық ойламайтын еш жанға.

Сыйлысың туғанға,
Үлгісің бауырға.
Әрқашан аямас,
Көмегін қашанда.

Әкешім, жан әке,
Сен маған мәртебе.
Абыройлы, ақ жүзді бола бер,
Көрейік өмірдің бар сыйын біз бірге.

Тілерім денсаулық, бар байлық,
Мамамен әрдайым бір болып,
Тіл-көзден сақтасын құдайым,
Шөбере сүйіңдер қуанып.


Пікірлер (2)

Айару

Күшті не деген шумақ өлең

Айару

Күшті

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жан әкем өлеңінің авторы кім?

Гульнази Назарова — осы өлеңнің авторы.

Жан әкем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жан әкем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әке туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жан әкем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар