Мән бермесем сөздер менен сыбысқа

Бұл бетте «Мән бермесем сөздер менен сыбысқа» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 675
Мән бермесем сөздер менен сыбысқа
жүр деме сен менi босқа тыныстап,
шындық үшiн
жүрiп жатыр жанымда
айтыс,
тартыс,
келiсiм мен ұрыстар!
Жүрiп жатыр бойымда
бiр-бiрiмен арбасып,
бiрiн-бiрi жыға алмастан алмасып,
сезiмiмнiң терезесiн быт-шыт қып
бiтпей қалған
төбелестердiң жалғасы.
Ерлiк – жеңiп,
ез – өлiп...
жар астынан жамандық
жақсылыққа жатар мылтық кезенiп.
Қорқыныштар қаңбақ болып безедi.
Күрсiнедi өкiнiштiң өзегi.
Соның бәрi он бойымды кезедi
соның бәрi бауыр-еттi езедi.
Ондай кезде қаншама мен бекiндiм.
өзiме-өзiм сабыр ет деп өтiндiм.
Салқын төзiм оятты кеп ұятты.
Басын таңар намыстың
ақ халатты Аяныш
дәрiгерлер сияқты.
Мән бермесем сөздер менен сыбысқа
жүр деме сен менi босқа тыныстап,
шындық үшiн жүрiп жатыр бойымда
айтыс,
тартыс,
келiсiм мен ұрыстар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мән бермесем сөздер менен сыбысқа өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Мән бермесем сөздер менен сыбысқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мән бермесем сөздер менен сыбысқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мән бермесем сөздер менен сыбысқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері