Күзгі сурет – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Күзгі сурет» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 956
Алтын күз бұл –
сағыныш деп аталар.
Сағыныштан жүрек,
санаң от алар.
Ұшып жатыр
бұтақтардан жапырақ –
ұшып жатыр
бұтақтардан ноталар.
Ақ ниетпен айқара ашып кеуденi
берiлiп бiр тыңда оларды,
кел берi!
иiр-иiр бұтақтардан бұрқырап
ұшып жатыр...
күздiң ғажап әндерi.
Ағаш бiткен алып менi ортаға
бара жатыр елiктiрiп,
қолқалап.
Үйiрiлiп ұшқан саздар қонады
торғайлардай иығыма,
арқама.
Дәл осы сәт ғажап сиқыр түсiмдей
Жүзiп келем өзiме өзiм түсiнбей –
дәл төбемнен сыңғыр-сыңғыр төгiлiп
жауып жатқан ноталардың iшiнде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күзгі сурет өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Күзгі сурет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күзгі сурет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күзгі сурет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері