Өлең, жыр, ақындар

Жылдамдық

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 960
Жылдамдықтар,
жылдамдықтар,
жылдамдық...
Дене қызып, мың өртенiп, мың жандық,
Зуылдайды төбемнен де, жанымнан
жылдамдықтар,
жылдамдықтар,
жылдамдық...
Жылдамдықтар – дәл осы сәт күшiнде,
бiлiп ал сен мұны мықтап түсiн де.
Көк аспанмен ағып бара жатасың
жылдамдықтар салонының iшiнде.
Зуылдайсың ертектегi жындарша,
жатыр онда жазылмаған жыр қанша.
Көкжиекке сiңiп жоқ боп кетесiң
найзағайлар көзiн ашып-жұмғанша.
Ендiктер бар кесiп әлi өтпеген,
бойлықтар бар мен көрмеген көптеген.
Жас ағызып жылдамдықтың көзiнен
заулап барам, заулап барам көкте мен.
Жақын қалды «ә» дегенше қарашы –
қашықтық пен қашықтықтың арасы...
Сорғалаған жұлдыздармен көктегi
соқтығысып қалар ма екем мен осы?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тіліме тиіскен тексізге

  • 0
  • 0

Өз тiлiңдi өзiң
Бiлмегенiң үшiн
Жерге
Кiрiп кетудiң орнына,

Толық

Қисық ағаштар

  • 0
  • 0

Қисық өскен ағаштар...
Неге оларды жатыр бәрi аластап,
Дендерi сау,
ауруы жоқ құрт түскен

Толық

Қызғаныш

  • 0
  • 0

Қашан көрсең де
Су тиген қарақұрттай
Бүрiсiп тұрады.
Зұлымдық ойлаған,

Толық

Қарап көріңіз