Өмiрге сен не сыйладың? – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Өмiрге сен не сыйладың?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 846
Өмiрге сен не сыйладың?
не бердiң?
Биiктiгi қандай шыққан төбеңнiң?
Не күтедi сенен ендi келер күн?
Жүгi қандай сен әкелген өлеңнiң?
Сұрақ...
Сұрақ...
Сұрақтар...
Жан-жағымнан қоршап ап
жауап күтiп
жүрегiмдi жылатқан
сұрақ...
сұрақ...
сұрақтар...
Көрген емес көкiрекке дем пiсiп!
Кетедi ғой жеңiл ойлар желге ұшып, –
жауап бер деп әр сөйлемнiң соңында
қарап тұрса қатал сұрақ белгiсi.
Соған жауап iздеймiн мен сарсылып,
көкiректi қоздатады қанша үмiт...
Елдi ойлантқан үлкен сұрақ орнына
түссем дем ем леп белгi боп шаншылып.
Ал әзiрше артқа менi қаратпай
жұмысқа сап
тауда,
қала,
алапта –
қалғып кетсең қиып түсем деп сенi
сұрақ белгi жалаңдайды орақтай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмiрге сен не сыйладың? өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Өмiрге сен не сыйладың? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмiрге сен не сыйладың? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмiрге сен не сыйладың? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері