Қос ниет

Бұл бетте «Қос ниет» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 805
Бұл өмiрде аз ба, көп пе үлесiң –
Бәрiбiр сен! –
Жылайсың да, күлесiң...
Ғұмыр бойы еркiңнен тыс! – өлгенше
Қос ниеттiң қоршауында жүресiң.
Ендi мұны түсiн мейлi,
түсiнбе, –
мейлi сенiң аппақ болсын iсiң де –
Жүресiң сен ғұмыр бойы өлгенше
қара ниет,
ақ ниеттiң iшiнде.
Жанып тұрса бiреуiнiң шырағы,
құрту, жою бiреуiнiң ұраны.
Қара ниет күлiн шашып құтырып,
аппақ ниет нұр себелеп тұрады.
Өмiр сенi қаншама әлi сiлкедi,
өмiр сенi қаншама әлi тiнтедi...
Қара ниет жақса саған күйесiн,
аппақ ниет ақ бұлт боп сүртедi.
Туса дейсiң – әрбiр күнiм бақ күн боп.
Көкжиекке белгiсiз боп батқың жоқ...
Қара ниет қарқылдаса қарға боп,
аппақ ниет ән салады аққу боп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қос ниет өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қос ниет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қос ниет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қос ниет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері