Фотоаппарат алдындағы бала – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Фотоаппарат алдындағы бала» атты Темірхан Медетбек жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 745
Бiр отырып, бiр тұрып,
асыр салып алқынған,
жүрдi балам жарқылдап,
томпаң қағып жүгiрiп
фотоаппарат алдында!
Теңiз,
ағаш,
құм,
құсың –
оған бәрi жаңалық!
Әрбiр қадам, күлкiсiн
қалт жiбермей тұрды ендi
фотоаппарат қадалып.
Барын айтып ақтарып,
жаралғандай от күннен,
қолын жайып шаттанып,
қатар тұрып суретке
түстi бiрге аққумен.
Жарқ-жұрқ етiп жүр қайнап,
құйттай жалын тәрiздi.
Жүрген кезде түстi ендi
асыр салып, бiрге ойнап,
толқынымен теңiздiң.
Әрбiр жүрiс, тұрысын
фотоаппарат тұрды аулап...
табиғатқа еркелеп,
жатты ендi ол құмға аунап,
Тұра келер күлiмдеп,
қайтадан ол «уралап»...
Қалт жiбермей бiрiн де
фотоаппарат қадалар
сыңар көзбен сығалап.
Кенет жанып өртендiм
бiр күдiктен қозданған –
әлемде әлi сұп-суық
қарауылға ап Ертеңдi
сығалаған көздер бар.
Сол суық көз қараңғы
шүрiппесiн қайырып,
тастамақшы баламды
жерден,
толқын,
аққудан,
күлкiсiнен айырып.
Атып тұрып бiр кезде
бәйек болып ұшамын...
Қорғағандай сол суық
сығалаған сұм көзден
ойнап жүрген баламды
бауырыма қысамын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Фотоаппарат алдындағы бала өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Фотоаппарат алдындағы бала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Фотоаппарат алдындағы бала өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Фотоаппарат алдындағы бала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері