Ұсақ-түйек күйкi тiрлiк, бәрiнен – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ұсақ-түйек күйкi тiрлiк, бәрiнен» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 588
Ұсақ-түйек күйкi тiрлiк, бәрiнен
мезi болып безiнемiн, жерiнем.
Жерiнем де балалық шақ арқылы
сапар шегем Күнiкей қыз елiне!
Ертегiге айналады айналам!
Дәу жүредi тау лақтырып ойнаған.
Көлтауысар суын бүркiп,
Желаяқ
зымырайды қос қазан тас байлап ап.
Ысырылып жүре берер қара түн.
Шақпақ табам жарқырап бiр жанатын.
Құмырсқаны шығарамын шұңқырдан
ал ол маған сыйға тартар қанатын.
Сол қанатты ұмытамын сыйлаған...
Шетсiз-шексiз жатар алда ми далам.
Бiрақ та мен Күнiкей қыз елiне
алып барар жол таба алмай қиналам.
Оңай дейсiң, құдайым-ау, жол кiмге
дегенменен тұрмақшымын сертiмде.
Бағыт сұрап барамын ғой сонан соң
жердi жамап отыратын кемпiрге.
Қарап алып жақын менен жыраққа,
қарап алып заманаға мұнартқан,
тiлiм-тiлiм қара жерге жамау сап
қара кемпiр үндемейдi бiрақ та.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұсақ-түйек күйкi тiрлiк, бәрiнен өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ұсақ-түйек күйкi тiрлiк, бәрiнен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұсақ-түйек күйкi тiрлiк, бәрiнен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұсақ-түйек күйкi тiрлiк, бәрiнен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері