Сараң – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Сараң» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 629
Бiр күнi жоқ отыратын жыланбай,
әлi жүр ол бiр тиын да шығармай.
Осыншалық молшылықта көл-көсiр
бар ғой әлi шық бермейтiн Шығайбай.
Қалт-құлт етiп тұратұғын әрдайым,
шалшықтай-ақ тереңдiгi, деңгейi.
Одан әлi дәм татпаған ешкiм де
Алдарөседен кейiн.
Мойнын тартып тасбақадай тығылған
бiр жақсылық жасамаған ғұмырда.
Алар кезде алақаны ашылып,
берер кезде алақаны жұмылған.
Шай үстiне кеп қалса да танысы,
бiреу келiп су iшсе де арысы
шығып жатқан шығын болып көрiнер
бәрi, бәрi ол үшiн.
Соның бәрi
оның жанын қинайды,
соның бәрi
сараң үшiн мұң, қайғы.
жиған бүкiл дүниесiн,
байлығын
өзге түгiл өзiне де қимайды.
Ол көрмейдi тiршiлiктiң кеңдiгiн,
тарылумен өткiзедi әр күнiн.
Қоям ба деп тамақты да көп iшiп
ол байлайды тартыңқырап белдiгiн.
Мадақ айтып,
мақтап сұрап жат мейлi,
небiр айла,
қулықты ойлап тап мейлi
жаттап алған бiр-ақ сөзi бар оның
жоқ, жоқ дейдi,
жоқ, жоқ дейдi,
жоқ дейдi!
Үнiн, дауысын сезбейтұғын қоғамнын
көгермейтiн, көктемейтiн томар бұл.
Жоқ, жоқ, дейдi, жоқ, жоқ дейдi, жоқ дейдi!
...Өзiң қашан жоғаласың жоғалғыр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сараң өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сараң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сараң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сараң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері