Өткеннен әңгіме

Бұл бетте «Өткеннен әңгіме» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 678
Түркістанның
Темір жол мектебінде
Оқып едім.
Оқуды қатырмасам да,
Көңліме
Көп нәрсе тоқып едім...
Ағылып жатқан
Пойыздардың үстіне
Шығып алып
Төбелес іздеп
Арысқа,
Ташкенге баратынбыз.
Әй, балалық- ай,
Содан біз
Рахат табатынбыз.
... Бір күні
Сондай бір сапарда
Пойыздың үстінде
(Құдай- ау,
Жанбастан– өштім бе)
Жүгіріп келе жаттым да,
Бұрылыс бір тұста
Пойыздың үстінен ұштым да
(Құдайым сақтап)
Телеграф сымына
Ілініп қалғаным.
(Бар екен
Көрер жарығым,
Көрер жалғаным.)
Сол сымның бойымен
Сырғанап барып
Ақ құлақ бағанға
Жетіп тоқтадым...
Мұны көрмесем,
Мына тірліктің қадірін
Қалай білермін.
... Бағана бойымен
“Сыр- р” етіп түстім де
Өкіріп
Жылап жібердім.
Бір тұрып,
Қайта құладым.
Әйтеуір мен сонда
Тірі қалғаныма
Қуанып емес,
Жойқын бір төбелестен
Құр қалғаныма
Өкініп жыладым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткеннен әңгіме өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Өткеннен әңгіме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өткеннен әңгіме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткеннен әңгіме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері