Мен жамылған бұлт – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Мен жамылған бұлт» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2022
  • 0
  • 0
  • 670
Ойлар қуып қаптаған
асу-белге бардым мен, –
көшiп жүрген
қап-қара
бұлт жамылып алдым мен.
Тұла бойда жарылған
ойдан кенет – зiрк етем...
Сол бiр бұлт жамылған
назағайлы бұлт екен.
Ауық-ауық қояды-ай
Зiкiр салып күркiреп, –
Менi сонсоң
аямай
Кеттi дейсiң сiлкiлеп.
Қуат-күшiн ұққызып
болмай мүлде тоқтамы, –
Найзағайдың қып-қызыл
ойнақ салды оттары.
Бұлтқа сол бiр жұтылған, –
Сорыма, яки бағыма.
Құйын оттар құтырған
Кiрiп жатты қаныма.
Дауыл етiп тұнықты
Кетердеймiн көшiп мен...
Сонан кейiн бұлтты
тастадым ғой шешiп мен.
Әлдеқандай ағын кеп
сол бiр бұлт жүрдi үркiп, –
демiменен ауа үрлеп,
денесiмен су бүркiп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен жамылған бұлт өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Мен жамылған бұлт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен жамылған бұлт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен жамылған бұлт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері