Алатау аясында

Бұл бетте «Алатау аясында» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1655
Жетісу – жер жаннатым,
Әсем қалам Алматым.
Өлеңімді алғашқы
Бір өзіңе арнадым.
Асқақ Алатауың бар,
Жеміс толы бауың бар.
Сұлулығыңды шын ұққан
Қазақ деген қауым бар.
Тауларың биік дем берген,
Таза ауаң тәнге ем берген.
Сенің Алатауыңды
Тәңіртаумен тең көргем.
Балдай тәтті бұлағың –
Сылдыраған нұр ағын.
Татқан сайын суынан,
Арта түскен құмарым.
Сенде туып бір өлең,
Қалыптасқан мың өнер.
Қасиетің бар жандарды
Ақын қылып жіберер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алатау аясында өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Алатау аясында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алатау аясында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алатау аясында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері