Сағыныштан сартап болып үздiккен – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Сағыныштан сартап болып үздiккен» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 785
Сағыныштан сартап болып үздiккен,
күз де келдi мамыражай түстiкке.
көл,
тоғайын,
жайлау үстiн базар қып
қайтып бара жатты аспанмен құс бiткен.
Қайтып бара жатты құстар ән салып
көшкен тұман,
бұлттарға қарсы ағып.
Бұлқып соғып кенет менiң жүрегiм
шыға келдi бар дауыспен жар салып:
– Өзiм құйттай,
кең ғой бiрақ құшағым,
бәрiн де мен сиғыза алам,
құшамын.
Арман, Үмiт қанатымды байлап ап,
құстарменен ұшам, – дедi, –
ұшамын.
– Көкiректi ұрғылама, кеулеме,
салма – дедiм, –
өзiңдi сен әуреге...
Бiрақ жүрек көнбедi оған,
болмады.
Нағыз жүрек жата ала ма кеудеде?!
Кенет менiң өн бойымды жыр етiп,
сана,
ойды,
жанарымды нұр етiп,
тор қобдидан азат болған құс құсап
жүрегiм де
ұшып шықты
пыр етiп!
Ұшып шықты.
кеттi бiрге құстармен,
өтемiн деп қиын-қатер тұстармен.
Байлаулымын оған мәңгi, бiлесiң.
алысқа ол
тым жыраққа ұшқанмен.
Арқалап мен қалмайын деп қарғысты
отырамын кейде түн қып тал түстi.
Бiр құс көрсем тоңып қалған суықтан
жүрегiм бе деп қаламын сол құсты.
Өмiр сүрiп өлеңменен,
дастанмен,
жүрген кезде ойнап-күлiп достармен.
Ащы дауыс –
шаңқ еткен бiр мылтықтан
құлайды құс
қош айтысып аспанмен.
Ондай кезде кiм шет қалар жалтарып,
Неге керек оған босқа таң қалып, –
жүрегiм бе деп қаламын сол құсты
келе жатқан қанатынан қан тамып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағыныштан сартап болып үздiккен өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сағыныштан сартап болып үздiккен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағыныштан сартап болып үздiккен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағыныштан сартап болып үздiккен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері