Қорқынышты түс

Бұл бетте «Қорқынышты түс» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 750
Қорқынышты түс көрдiм.
Тiршiлiк
Әлем-жәлем боп,
Терiс қарай
Айланып кетiптi.
Адам бiткен
Маймылға
Айналып кетiптi.
Бiр-бiрiнiң
Құйрығынан тартып,
Бiр-бiрiнiң
Үстiне шығып
Анталап тұр.
(Арттары –
Қып-қызыл помидордай –
Қанталап тұр).
Дүние –
Ақ та емес, көк те емес,
Күл түстес
Күлгiн секiлдi.
Көшелер – қап-қараңғы –
Үңгiр секiлдi.
Сол үңгiрде
Байғыздар –
Бажылдап жылап,
Жарқанаттар –
Қалбаңдап ұшып жатыр.
Қаңғыбас ит бiткен
Қан-жынымды
Жалмаңдап iшiп жатыр.
Ұзын-ұзын мұнаралар –
Мүңкiр-нәңкүрдiң
Шоқпары мен сүйменiндей.
Жасыл жерiмнен әр кетiп
Тiкен мен шөңгеге
Таланып тұр...
Табақтай Айдың бетiнен
Сора-сора боп
Қан ағып тұр...
Тiршiлiк бүк түсiп
Тұқшиып кеткен.
Машиналардың үстiне –
Құбыжық секiлдi! –
Жүн шығып кеткен...
Шошып ояндым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қорқынышты түс өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қорқынышты түс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қорқынышты түс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қорқынышты түс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері