Қыз – Мұрат Мөңкеұлы

Бұл бетте «Қыз» атты Мұрат Мөңкеұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.12.2015
  • 0
  • 5
  • 42767
Бұраңдап ақ моншақтай керілген қыз
Оздырдың салтанатты еліңнен қыз,
Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе,
Реңкің сары алтындай көрінген қыз.
Шәй ішіп самаурыннан сәске түсте
Керіліп әзер тұрасың төріңнен қыз.
Қосшы ертіп, үкі қадап, жорға мініп,
Көшкенде салтанатың көрінген қыз.
Дәулеттің қалың қара арқасында
Асқан жоқ қатар - құрбың өзіңнен қыз.
Бұлаңда дәурен өтпей басыңнан қыз,
Сүйегің жаратылған асылдан қыз.
Лебізің, сөзің - шырын, маржан - тісің,
Кеткісіз келген адам қасыңнан қыз.
Адамның жалғаншыда арманы не,
Сенімен дүниеде қосылған қыз.
Сөйлесең сүт шығады тіліңнен қыз,
Құрбыңа салтанатың білінген қыз.
Басыңнан бұл дүние өтеді деп,
Қайғымен тамақ ішпей бүлінген қыз.
Қамқа бөрік, камзол, бешпет, алтын ілгек,
Ақ көйек зер шашақтан киінген қыз,
Қызығын дүниенің сізде көріп,
Ата - анаң үйде отырып сүйінген қыз.
Шалықта ата - анаңның дәулетіне,
Бір күні жөнелерсін үйіңнен қыз.
Әуелде атаңа еріп анаң келген,
Ойласаң осы жерден білінген қыз.


Пікірлер (5)

жұбан

Бұл өлең жамандап жазғанба жақсылаппа

Нұрлы-хан

Қазіргі ақындардың қыз жайлы жазған өлеңі бар ма?

Даулет

Негой талдап берндерш

Анеля

Талдап беріндерш

Балнұр

керемет өлеңдер

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз өлеңінің авторы кім?

Мұрат Мөңкеұлы — осы өлеңнің авторы.

Қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұрат Мөңкеұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері