Бұл бетте «Көңіл назы» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүрегіңде бір зіл бар үндемедің,
мұнар жауып көзіңнің нұр желегін.
Тым болмаса айтсаңшы — біреуде ме,
тағдырда ма, менде ме — кімде кегің.
Қайырмасы:
Телефоны құрғырың үндемеді,
оятпады мазалап түнде мені.
Шырт ұйқыдан тұрғызып сүйіктім кеп
Қалқатайым, кетеміз, жүр демеді, жүр демеді.
Әлде батып кетті ме сөзім менің,
әлде сенше жоқ па еді өзіңде мін.
Бұрынғыдай жарқ етіп қарамайсың,
түсіне алмай түнімен көз ілмедім.
Қайырмасы.
Сен де ұқпадың, жаныма үңілмедің,
тіл табудың таба алмай жүрім бе ебін…
Жүрегімді саған да жая алмасам,
бекер екен өзгеден түңілгенім.
1973
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі