Бір ақынға – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Бір ақынға» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 651
Неткен оның тап-тар едi ұғымы.
Жоқ сөзiнiң сөлi менен шырыны.
Селтең-селтең,
селтең-селтең етумен
өтiп бара жатыр ендi ғұмыры.
Жазатыны –
майлап қойған арманы,
жазатыны –
баласы мен жан-жары,
жазатыны –
босағасы, шаңырағы!
Бүтiн оның төрт құбыла жан-жағы.
Отыра қап түрiп тастап бiлегiн
сөз бояйды келтiрем деп реңiн.
...Анаған да, мынаған да ұсынып
арзаңдатып алған әбден жүрегiн.
Ерттеп мiнiп сәйгүлiгiн «шабыттың»
күндiз-түнi жыр жазады ағып бiр.
Бiр сөз айтпай,
бiр сөз айтпай барады
қозғайтұғын жан-жүрегiн халықтың.
Жүретұғын құйын құсап құбылып
көрмеген ол қатты сөздi ұғынып.
Отырады жаймашуақ мамықта,
тәттi сөзге сiлекейi шұбырып.
Күнi ертең ол алпысқа да жетедi.
Гүл мен қыздар мақалы мен мәтелi.
Бiр сөз айтпай ел мен жердiң атынан
әлi күнге селтең-селтең етедi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір ақынға өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бір ақынға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір ақынға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір ақынға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері