Қапияда қақ төбемнен түсті жай – Мәриям Хакімжанова

Бұл бетте «Қапияда қақ төбемнен түсті жай» атты Мәриям Хакімжанова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3974
Қапияда қақ төбемнен түсті жай,
Жарқ етті де қалды сөніп күн мен ай.
Өзегімді өртеп өтті, өксітті,
Бізді неге аямадың ә, құдай!?
Махаббаттың періштесі ем таранған,
Сүйген жардың жүрегінен жаралған.
Аяулы жан, ақиығым мерт болды,
Куанышым, көз нұрына баланған.
Махаббаттың тұтқынымын, еркім жоқ.
Қансырадым, қақ кеудемнен тиді оқ.
Бір кездегі ақ қанатты құс едім,
Бүл күндері сыртым бүтін, ішім шоқ...
Кайран жастық, қайда кеттің қаңғырып,
Калды өшпестей, құлағымда жаңғырық.
Айнымаспыны, айтқан серттен танбаспын,
Сайқал дүние, салсаң-дағы сан құрық...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері